ӘлемБастыЭкономика

Ресей Әзербайжан арқылы Арменияға теміржол транзитін іске қосуды жоспарлап отыр

Ресей Әзербайжан аумағы арқылы Арменияға тауарларды теміржолмен тасымалдауды жолға қоюды жоспарлап отыр.

Ресей Федерациясы Премьер-министрінің орынбасары Алексей Оверчуктың айтуынша, Ресей тарапы Арменияға тауарларды Әзербайжан арқылы теміржолмен жеткізуге қатысты ұйымдастырушылық мәселелерді қарастырып жатыр.

— Әзербайжан тарапы Ресей өнімдерін Арменияға транзитпен өткізу үшін өз теміржолдарын пайдалануға мүмкіндік бар екенін растады. Бұл бағытта оң өзгерістер байқалады. Қазір «Ресей темір жолдары» компаниясы өңірдегі әріптестерімен бірлесіп тасымалдың ұйымдастыру мәселелерін талқылауда. Сондай-ақ Ресей Ауыл шаруашылығы министрлігіне жаңа логистикалық бағытты игеру тапсырылды, — деді Оверчук.

Бұған дейін Әзербайжан Президенті Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары барысында Арменияға транзиттік жүк тасымалына қойылған шектеулердің алынғанын хабарлаған болатын.

Осы жаңа бағыт бойынша алғашқы тасымалданған жүк қазақстандық бидай болды.

 

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button