Экономика

Қырғызстанда көлік құрастыратын зауыт ашылады

Қырғызстанның Нарын облысында «Қырғыз поштасы» ААҚ, «Нарын» АЭА және «Қашғар» АЭА ынтымақтастығы аясында құрылған «Екі ел, екі аймақ» бастамасы бойынша автокөлік құрастыру зауыты ашылады.

Қырғызстан Республикасы Цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, зауытты іске қосу кезеңінде Қытайдың «Джиабо» технологиялық компаниясы, Қырғыз Республикасы Президентінің Нарын облысындағы өкілетті өкілі және «Қырғыз поштасы» ААҚ арасында үшжақты меморандумға қол қойылды.

Зауытты ашу жөніндегі келіссөздерден кейін «Джиабо» компаниясының бас директоры Хуан Юнци бастаған қытайлық инвесторлар зауыт құрылысына арналған жер телімдерін қарастырды.

Құрылыс аяқталған соң зауытта бензин, электр және газбен жүретін түрлі көлік құралдары шығарылады. Жергілікті тұрғындар үшін 100-ден 1 мыңға дейін жұмыс орны ашылады.

 

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button