БастыСаясатЭкономика

Қырғызстан сыртқы қарызын 2035 жылға дейін толық өтеуді көздеп отыр

Қырғызстан алдағы 11 жылда сыртқы қарызын толық өтеуге ниетті.

ұл туралы ел президенті Садир Жапаров «Кабар» агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді, деп жазады Kazinform агенттігі.

«2035 жылға қарай біз бүгінге дейін қордаланған 5 миллиард доллар көлеміндегі сыртқы қарызымызды өтейтін боламыз. Экономикамыз жақсарды. Елде тыныштық пен тұрақтылық болса, біз оны оңай төлей аламыз», – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен бірге Жапаров Қырғызстан келешегі зор жобаларға, соның ішінде құны 5-6 миллиард доллар тұратын Қамбар-Ата 1 ГЭС құрылысына жаңа шетелдік несиелерден бас тартуды жоспарлап отырған жоқ деп мәлімдеді.

«Болашақта қанша несие алсақ та, әрбір жоба өзін-өзі ақтайды. Республика бюджеті мен халықтың қалтасына ауыртпалық түспейді», – деді Президент.

TuraNews

Back to top button