
Орталық сайлау комиссиясы ел тарихында тұңғыш рет өткен Құрылтай сайлауының алдын ала нәтижесін жариялады. Саяси науқанда 9 миллион 351 мыңнан аса адам таңдау жасады. Бұл дауыс беруге құқығы бар азаматтардың 74,08%-ы. Халық таңдауы мынадай: «Әділет» партиясын жақтап дауыс бергендер үлесі 71,17%. «Ауыл» партиясын сайлаушылардың 6,26%-і қолдаған. Электораттың 5,56%-і «Республика» партиясын, 5,21%-ін «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясын, 5,11%-і Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясын таңдаған. Сонымен бірге Қазақстан халық партиясына 3,11%, Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясына 1,07% адам дауыс берген. «Бәріне қарсымын» бағанын азаматтардың 2,51%-і белгілеген. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров түпкілікті қорытынды алдағы 9 күннің ішінде жарияланатынын жеткізді.



