Спорт

Қазақстандық ракетка Данилина АҚШ ашық чемпионатында сәтсіздікке ұшырады

Қазақстандық теннисші Анна Данилина жұптық сайыста АҚШ ашық чемпионатындағы өнерін аяқтады, деп хабарлайды Sports.kz.

1/8 финалда бразилиялық Беатриз Аддад Майямен жұптаған Анна Данилина екі сетте 3:6, 3:6 есебінен Николь Меликар (АҚШ) / Эллен Перес (Австралия) дуэтінен жеңіліп қалды. Осылайша, Данилина мен Майя US Open турнирінің ширек финалына шыға алмады.

Айта кетейік, Анна Данилина Қазақстанның жұптық сында үздік теннисшісі: WTA рейтингінде ол 19-шы орынға табан тіреді. Оның қәзірше биылғы ең жақсы нәтижесі — Австралия ашық чемпионатының финалына Беатриз Аддад Майямен шығу.

TuraNews

Back to top button