БастыТехнология

Қазақстандағы 2 мың мектебі Илон Масктың Starlink интернетіне қосылады

Келесі жылы Қазақстанда Илон Масктың Starlink интернетіне рұқсат берілуі мүмкін. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды TuraNews.kz.

«Біз қазір Starlink компаниясымен пилоттық жобаны жүзеге асырып жатырмыз. Қазір осы жоба арқылы 10 ауылдық мектепті қосамыз, жарты жылда 2 мың мектепті қосуды жоспарлап отырмыз. Яғни интернеті өте әлсіз, білім беру жүйесін жаңғыртуға жарамайтын секундына 4 мегабит мектептерді таңдаймыз. Заңнамалық шектеулер шынымен де бар және бұл шектеулер тек Қазақстанда ғана емес, қазір барлық елдер байланыс саласын реттейтін заңнаманы қайта қарауда. Starlink жаңа байланыс технологиясы болғандықтан, үш жыл олар байланыс қызметтерін ұсыну үшін жергілікті жерде жабдық орнатып, байланыс желілерімен реттелуі керек еді. Қазір олар тиімділікті арттыру жолдарын іздеп, ғарышта ең жақсы жерсерік байланысын жасады және соған сәйкес қызмет көрсете алатын елдер аумағында жабдық орнату қажеттілігі болмай қалды», — деді Бағдат Мусин.

Сондай-ақ, Министр шетелдің SpaceX сынды өзге де ірі компанияларының Қазақстанға деген қызығушылығы күннен-күнге артып келе жатқанын айтты.

«Соңғы жылдары Қазақстан өзін әлемдік IT-қауымдастығы үшін әлеуеті зор ел ретінде таныты. Сауатты мемлекеттік саясаттың және технологиялық инновацияларды қолдау шараларының арқасында көптеген жетекші әлемдік компаниялар өз бизнесі үшін тартымды орын ретінде біздің елімізге назар аударды. Бұл қызығушылық кездейсоқ емес. Қазақстан дарынды кадрлар ұсына алады және елімізде тұрақты экономикалық орта бар. Көптеген халықаралық IT алпауыттар Қазақстанды сенімді әрі келешегі зор серіктес ретінде қарастыра бастады және бізбен жұмыс істеудің артықшылығын түсінді», деді ол.

TuraNews

Back to top button