БастыЭкономика

Қазақстанда цифрлық теңге 2025 жылда толықтай енгізіледі

Kazinform агенттігінің хабарлауынша, атаулы жобаны іске асыруға қанша қаржы жұмсалатыны жайлы сауалға ҚР Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов жауап берген.

«Өткен жылдың желтоқсанында бірнеше ондаған мың транзакция жасалды. Пилоттық режимнен өтіп, цифрлық теңгені толық айналымға енгізу үшін үйреніп, тәжірибе жинап, қателіктерді ескеріп жатырмыз. Қаржыға келсек, бізде цифрлық теңгені енгізуге арнайы ақша қарастырылмаған, – деген Тимур Сүлейменов банкте өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, пилоттық жобаға 4 банк қатысып жатыр. Сондай-ақ Т. Сүлейменов жалпы төлем жүйесімен Ұлттық төлем корпорациясы айналысатынын мәлімдеген.

«Біз қаржыландырамыз, бірақ белгілі бір бөлігін корпорация өз есебінен өтейді. Цифрлық теңгеге қосымша ақша бөлген жоқпыз. Бұл корпорацияның коммерциялық шаруашылық қызметінің шеңберінде», – деген Ұлттық банк басшысы.

 

TuraNews

Back to top button