Экономика

Қазақстанда ресейлік «Мир» карталарынан төлем қабылдау тоқтатылды — БАҚ

Түрік банктері «Мир» карталарын қабылдауды тоқтатқаннан кейін, басқа елдердің несие ұйымдары да ресейлік төлем жүйесімен жұмысын тоқтататынын мәлімдеген, — деп хабарлайды Tengrinews.kz  «Известия» басылымына сілтеме жасап.

Халық банкінің байланыс орталығы басылымға ресейлік карталарға терминалдар арқылы да, банкоматтар арқылы да қызмет көрсетілмейтінін айтқан.

Ресейлік «Мир» төлем жүйесінің карталары енді вьетнамдық BIDV-де қабылданбайды. Банк қызметкерінің айтуынша, BIDV VISA, Mastercard, Western Union, JCB, UnionPay карталарына қызмет көрсетуді жалғастырады, бірақ «Мир» төлем жүйесі бұл тізімде жоқ.

Ресейдің Орталық банкі шетелдік серіктестер «Мир» карталарын қабылдау, қабылдамауды өздері шешеді деп жауап берді. Бірақ ұлттық карталарды қабылдау географиясын кеңейту бойынша диалогты жалғастыруға ниетті.

20 қыркүйекте «Мир» төлем жүйесінің сайтында карталарды қабылдау географиясы туралы жазылатын бөлім жабылғаны атап өтілді. Ұлттық төлем карточкалары жүйесінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі хабарламасында «пластик» сегіз елде, соның ішінде Қазақстанда қабылданатыны жазылған болатын.

Via
Известия
Source
Tengrinews.kz

TuraNews

Back to top button