БастыЭкономика
Trending

Қазақстанда 1,6 млн тонна астық бастырылды

Еліміздің бірқатар өңірлерінде егін орағы басталды. Бүгінгі күнге дейін 1,6 млн тонна дәнді дақыл бастырылып, орташа өнімділік гектарына 19,1 центнерді құрады, деп хабарлайды BasAgro.kz.

Облыс әкімдіктерінің жедел деректеріне сәйкес, жиналған өнімнің 1 067 мың тоннасы – бидай, 456 мың тоннасы – арпа.

Сонымен қатар 411 мың тонна көкөніс, 11,5 мың тонна картоп және 228,7 мың тонна бақша дақылдары жиналды.

Биыл жалпы егіс алқабы 24,2 млн гектарды құрады. Оның ішінде дәнді дақылдар – 15,6 млн гектар, майлы дақылдар – 5,2 млн гектар, мал азықтық дақылдар – 3,0 млн гектар, мақта – 173,6 мың гектар, ұйымдасқан шаруашылықтардағы картоп – 89,9 мың гектар, қант қызылшасы – 23,8 мың гектар.

Егін орағы науқанының барысы тұрақты бақылауда.

TuraNews

Back to top button