Қазақстан – ТМД-дағы такси қызметі ең қымбат елдердің бірі
Numbeo мәліметтері бойынша, 2022 жылдың 6 қазанындағы жағдай бойынша 1 км-ге есептелген такси қызметтерінің ең төменгі бағасы Пәкістанда (0,18 АҚШ доллары) тіркелген, ал ең жоғарғысы – Швейцарияда (3,93 АҚШ доллары), деп хабарлайды ҚазАқпарат Ranking.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстанда такси қызметінің құны 1 шақырымға есептегенде 0,32 АҚШ долларын құрады. Қазақстан такси қызметінің арзандығы бойынша 105 елдің ішінде 12-ші орында тұр. ТМД елдерінің арасында Қазақстанға қарағанда такси қызметтері Әзербайжан мен Ресейде қымбатырақ, Беларусь, Өзбекстан, Молдова және Арменияда арзанырақ.
Осы жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда такси қызметін көрсететін компаниялардың табысы 3 млрд теңгені құрады. Бір жыл бұрын 2,8 млрд теңге болған еді.
Сектордағы ең жоғары көрсеткіштер Қарағанды облысында (1,3 млрд теңге) тіркелген. Бір жылда 37,3%-ға артқан. Көшбасшылар үштігіне елорда (728,7 млн тг, бір жылда 4,4%-ға азайған) және Алматы (499,6 млн тг, бір жылда 27,1%-ға азайған) кірді. Ең аз табыс Шығыс Қазақстан облысының таксопарктерінде байқалды. Небәрі 0,4 млн теңге табыс тапқан.
1,4 миллиард жолаушы такси қызметін пайдаланған
Жыл басынан бері 1,4 миллиард жолаушы такси қызметін пайдаланған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,1%-ға көп. Жолаушылар айналымы бір жылда 8,7%-ға, 20,7 млрд км-ге дейін өсті.
2022 жылдың тамыз айының қорытындысы бойынша такси ақысының құны бір жылда 9 пайызға өскен.
Өңірлік бөліністе Жетісу облысының тұрғындары бағаның өсуін қатты сезінген. Мұнда такси қызметінің құны бір жылда 37,7%-ға артқан. Сондай-ақ көшбасшыларр үштігінде Алматы және Абай облыстары бар. Онда такси ақысының құны тиісінше 28,1% және 21,2%-ға қымбаттаған.