Қоғам
Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған 9 пәкістандық ұсталды

Қазақстан аумағына заңсыз өтпекші болған Пәкістанның 9 азаматы ұсталды, деп хабарлайды ҰҚК.
«15 ақпанда қазақ-қырғыз мемлекеттік шекарасы арқылы Қазақстан Республикасына заңсыз өтпекші болған Пәкістанның 9 азаматы ұсталды. Ұсталындарға қатысты құзырлы орган сотқа дейінгі тергеуді бастады», — делінген хабарламада.