БастыСпорт

Қазақстан құрамасы Беларусь командасын жеңіп, УЕФА Ұлттар лигасының В лигасына өтті

Футболдан Қазақстан құрамасы UEFA Ұлттар лигасының В лигасына жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Қазақстан өз алаңында Беларусь құрамасын қабылдады. Қазақстандық футболшылар үшін олар — қолайсыз қарсылас. Екі құрама бұған дейін бір-бірімен алты ойын өткізген.

Оның екеуі тең нәтижемен аяқталса, қалғанында беларусьтер жеңіске жеткен еді.

Оған қоса турнир кестесінде қазақстандық футболшылар көш бастап тұрса, Беларусь құрамасы небәрі екі ұпаймен төртінші орында келе жатқан болатын.

Айта кетсек, бүгін қазақстандық футболшылар жеңіске жетсе, құрамасы алдағы маусымдағы Ұлттар Лигасында В дивизионында Еуропаның алдыңғы қатарлы құрамаларымен сынға түсуге мүмкіндік алады.

Оған қоса 2024 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу ойындарына қатысуына жол ашылатын.

Осындай себептерге байланысты кездесу тартысты басталды. Екі құрама алға қарай ұмтылды.

Дегенмен ойынның біраз бөлігіне дейін таблодағы есеп өзгерген жоқ. Кездесудің 29-минутында қазақстандық Михаил Габышев есеп ашты.

Source
Sport.kz

TuraNews

Back to top button