Басты

«Qazaqstan Project Management Awards-2022» Ұлттық байқауы аяқталды

2-3 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Qazaqstan Project Management Awards-2022» III Ұлттық конкурсының жеңімпаздары анықталды.

Конкурсты ҚР Президенті Әкімшілігі, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ, «Қазақстандық экономикалық бастамалар қоры» корпоративтік қоры, ҚР Ұлттық экономика министрлігі, «Қазақстан Республикасының Жоба менеджерлері одағы» ЗТБ және ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы ұйымдастырды.

Конкурстың негізгі мақсаты – өз қызметінде жобалық менеджменттің әдістері мен құралдарын белсенді қолданатын және енгізетін мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарды қолдау.

2021 жылы «Global Project Excellence Awards» IPMA дүниежүзілік конкурсында QazPMA ұлттық конкурсы жеңімпаз атанып, «алтын» жүлдеге ие болды, бұл халықаралық сараптамалық қоғамдастықтың жобалық менеджментті енгізудегі қазақстандық тәжірибені мойындағанын көрсетеді. Конкурсқа қатысушылардың есептерін жобалық менеджмент саласындағы кәсіби асессорлар бағалады.

Мемлекеттік органдардың жауапты қызметкерлерінен, кәсіби қоғамдастықтар өкілдерінен, қазақстандық және халықаралық сарапшылардан тұратын конкурстың қазылар алқасы номинациялар бөлінісінде конкурс жеңімпаздарын анықтады.

Жеңімпаздар туралы толығырақ ақпарат осы сілтеме бойынша орналастырылған.

Source
ҚазАқпарат

TuraNews

Back to top button