Қоғам

Қаржы министрлігі мобильді аударымдар туралы: Қарапайым адамдарға өзгеріс болмайды

Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мобильді аударымдарға салынатын салық кімге әсер ететінін түсіндірді.

Журналистер министрден мобильді аударымдарды фискализациялауда қандай өзгерістер болатынын сұрады, деп хабарлайды Tengrinews.kz

«Келесі жылы іс жүзінде ешқандай өзгеріс жоқ. Мобильді қосымшаларды фискализациялау қажетті нәрсе екенін айттық, бизнеспен айналысатын адамдарды бөлу үшін, яғни жеке кәсіпкерлерді. Бірақ қарапайым адамдарға өзгеріс болмайды. Әдеттегі режимде кез келген сомаға аударымдар жасай алады, ешкім қудаламайды», — деді Жамаубаев.

 

TuraNews

Back to top button