Қоғам

Қанат Шарлапаев: Қазақстанда жылу желілерінің 53%-ы тозған

2030 жылға дейін тозығы жеткен жылу желілерін 43%-ға азайту жоспарлапы отыр.

Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлім етті, деп жазады Kazinform агенттігі.

«Жергілікті атқарушы органдардың деректеріне сәйкес жылу желілерінің жалпы ұзындығы шамамен 13 мың шақырымды құрайды. Олардың 53% тозған және шамамен 7 мың шақырым ауыстыруды қажет етеді. Атап айтқанда, жылу желілерінің Павлодар облысында (Екібастұз – 91%, Павлодар – 83%), Ақмола облысы (Степногорск – 82%, Атбасар-76,5%), Солтүстік Қазақстан облысы (Петропавл-74%), Қостанай облысы (Арқалық – 68%, Рудный – 68%), Маңғыстау облысы (Ақтау – 71%) және Қарағанды облысы (Теміртау – 67%) тозығы жеткен», – деді Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында.

Сондай-ақ, министр 2030 жылға дейін жылу желілерінің тозуын 43%-ға төмендету қажеттігін айтты.

«Ол үшін жыл сайын шамамен 350 шақырым жылу желілерін жөндеу қажет. Оған жылына шамамен 250 млрд теңге қаражат керек. Өткен жылы қаржыландыру көздері есебінен 336 шақырым жылу желілері жаңғыртылды», – дейді ол.

Бұған дейін хабарлағанымыздай былтыр еліміз 31,2 млн тонна көмір экспорттады.

 

TuraNews

Back to top button