Қоғам

Өзбекстанның Қазақстанмен шекарасында контрабандаға арналған жасырын туннель табылды

Өзбекстанда үндістандық дәрі-дәрмектерді Қазақстан арқылы елге тасымалдаумен айналысқан трансшекаралық қылмыстық топтың қызметі әшкере болды.

Жедел іс-шараны Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің шекара әскерлері және Кеден комитетінің «Ташкент-Аэро» мамандандырылған кеден кешенінің қызметкерлері өткізді.

Оның барысында дәрі-дәрмектердің кезекті партиясы Делиден Алматыға Ташкент арқылы транзитпен жеткізіліп, кейін Қазақстанның Сарыағаш ауданындағы Достық ауылына әкелінгені анықталды. Одан соң контрабандалық тауарлар әрі қарай құпия туннель арқылы Ташкент облысындағы Урикзор махалласына әкелінген.

©Өзбекстанның Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі

Ұзындығы 310 метр болатын туннель 1975 жылғы Урикзор махалласындағы тұрғынның үйінен табылды. Жерасты өткелі жарық және желдету жүйелерімен жабдықталған. Сонымен қатар, ол жерден жүкті тасымалдауға арналған арба мен арқандар табылды.

Өзбекстан Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің ақпаратынша, қылмыстық топтың мүшелерінен жалпы құны 1 млрд сумнан (37,5 млн теңге) асатын сапасы тексерілмеген үндістандық дәрі-дәрмек тәркіленді.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, бірнеше күдікті ұсталды.

 

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button