БастыСпорт

Өзбекстанда триатлоннан әлем кубогы өтеді

18-19 мамырда Өзбекстанның Самарқанд қаласында триатлоннан әлем кубогы өтеді.

жарыс аясында Өзбекстан чемпионаты мен Азия триатлон конфедерациясының кезекті форумы, Орталық Азия триатлон қауымдастығының конгресі де өтуі жоспарланған. Бұл туралы UzA агенттігі жазды.

«World Triathlon Cup Samarkand — 2024», «World Triathlon Para Cup Samarkand — 2024» әлем кубогы жарыстары әлем назарындағы жарыстардың бірі. Өйткені бұл жарыстар спортшылардың Париж Олимпиадасына жолдама алуына тағы бір мүмкіндік. Сондықтан байқауға қызығушылық өте жоғары. Оған 300-ден астам халықаралық кәсіби спортшылар қатысады деп күтілуде.

Сонымен қатар, үстіміздегі жылдың 7-8 қыркүйегінде Өзбекстанда «Challenge Samarkand — 2024» халықаралық триатлон жарысы да өтеді.

 

 

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button