ӘлемЭкономика

Өзбекстанда қанша көлік бар? Автостатистика

Өзбекстан халқының соңғы екі жылда көлік саны 700 мыңға көбейген.

Өзбекстан тұрғындарында қанша жеңіл көлігі бар екені белгілі болды.

ӨР президенті жанындағы статистика агенттігінің хабарлауынша, 2024 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Өзбекстанда жеке тұлғалардың меншігіндегі автокөліктер саны 4 020 744 құрады, ал бұл сан екі жыл бұрын 3 268 470 болған.

Елдегі Автомобильдердің басым бөлігін жеңіл көліктер құрайды, олардың үлесі 93,4 пайыз. Ал жүк көліктері 6 пайызды құрайды.

Тұрғындардың меншігіндегі автокөліктердің жалпы саны келесідей:

  • жеңіл автокөліктер – 3 759 045;
  • жүк көліктері – 240 917;
  • автобустар – 6 297;
  • шағын автобустар – 9102;
  • арнайы көліктер – 5 383.

TuraNews

Back to top button