ӘлемҚоғам

Өзбекстанда қандай жағдайда жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырылады?

Өзбекстанда заң жобасына сәйкес, көлік жүргізушілеріне тұрақты түрде ереже бұзғаны үшін айыппұл ұпайларын есептеу жүйесін енгізу жоспарлануда, деп жазады TuraNews.kz Kazinform. агенттігіне сілтеме жасап.

Өзбекстан Олий Мәжілісінің Заң Шығару палатасының мәліметінше, есептелген айыппұл ұпайлары бір жыл ішінде он екі балдан асатын жағдайларда, соңғы құқық бұзушылық үшін қосымша жаза ретінде жүргізушіні көлік құралын басқару құқығынан айыру тәртібі белгіленеді.

Сондай-ақ, көлік құралын басқару құқығынан айырылған тұлғаның көлік құралын өз еркімен бірнеше рет басқарғаны анықталса, ол қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

TuraNews

Back to top button