ӘлемҚоғам

Өзбекстанда мектеп оқулығындағы QR-код онлайн казино жарнамасына бағытталған

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Өзбекстанда 10-сыныпқа арналған орыс тілі оқулығында QR-код басылып, оған кірген кезде казино бар сайт ашылғаны туралы ақпарат тараған болатын. Өзбекстан Республикасы Мектепке дейінгі және мектеп білімі министрлігі бұл жағдайға қатысты пікір білдірді, деп жазады TuraNews.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

2022 жылы шыққан оқулықтағы QR-код сілтемесі осы уақытқа дейін дұрыс болған және сабақ тапсырмаларына бағытталғаны хабарланды.

“Бүгін мамандар QR-кодқа сілтеме жасалған сайт бұзылғанын растады. Министрлік тиісті салалық ұйымдарға оқулықтағы жаттығуларды орындау үшін QR-код арқылы ену кезінде пайда болатын «онлайн казино» сілтемесін шектеуді сұрады», – делінген хабарламада.

 

TuraNews

Back to top button