Әлем

Өзбекстан ірі қара мал өсіру үшін Беларусьтен жерді жалға алады

Өзбекстан Беларусь аумағындағы 4 мың гектар егістік жерді ұзақ мерзімге жалға алуға уағдаласты, деп хабарлайды Kazinform.

Dunyo ақпарат агенттігінің мәліметінше, Қашқадария облысының делегациясы Беларусь еліне жұмыс сапарымен барды. Оның барысында өзбек тарапы Витебск облысының бірқатар ауданындағы мал шаруашылығы кешендері мен сауда нысандарының жұмысымен танысты.

Витебск облыстық атқару комитетінің басшылығымен өткен кездесуде тараптар экономикалық ынтымақтастықты нығайту және өзара тиімді өндірістер құру мүмкіндіктерін талқылады.

Сонымен қатар сапар аясында «Asl Yuksalish Savdo», «Muborak qorako‘lchilik» кәсіпорындары мен Шумилин ауданында орналасқан «Сиротинск» мал шаруашылығы фермасымен келісім жасалды. Уағдаластыққа сәйкес, өзбек тарапы 4 мың гектар егістік жерді ұзақ мерзімге жалға алады. Аталған аумақта 1000 бас ірі қара өсіру жоспарланып отыр.

 

TuraNews

Back to top button