БастыСпорт

Өзбекстан дзюдошысы Диера Келдиерова Олимпиада алтынын жеңіп алды

Бұл – Өзбекстан құрамасының Олимпиададағы алғашқы медалі

Әйгілі жапон дзюдошысы Ута Абэні жеңіп, Париж Олимпиадасының сенсациясын жасаған өзбектандық балуан Диера Келдиерова (52 кг) ақыры жарыс жеңімпазы атанды. Финалдық белдесуде ол Косово спортшысы Дистрия Красничтен басым түсті, деп жазады 1bol.kz.

Бұл – Өзбекстанның дзюдо тарихындағы Олимпиаданың алғашқы алтын медалі. Сондай-ақ, Өзбекстан командасының осы Олимпиада ойындарындағы алғашқы алтыны.

Келдиерова алғашқы белдесуінде жапон қызын қапы қалдырса, финалға дейін неміс Маша Бальхаус пен франциялық Амандин Бюшарды жеңіп кетті.

Осылайша Өзбекстан құрамасы бір ғана алтын медальмен жалпыкомандалық кестеде тоғызыншы орынға көтерілді. Қазақстан құрамасы болса бір алтын, екі қоламедальмен жетінші орында тұр.

 

TuraNews

Back to top button