Орталық Азия елдері арасында ішкі сауда көлемі 50% артқан
Халықаралық бағалауларға сүйенсек, алдағы 10 жылдың ішінде өңірдің тікелей шетелдік қаржы тарту мүмкіндігі 170 млрд долларға дейін жетуі әбден мүмкін. Оның ішінде аймақтың шикізаттық емес саласына 80 млрд долларға дейін инвестиция салынады деп күтілуде. Елордада «Орталық Азия-2030: болашақтың келбеті» атты жиында бас қосқан аймақ сарапшылары осылай деп отыр.
Мамандар кейінгі 5 жылда аймақ елдері арасында ішкі тауар айналымы 50% артқанын айтады. Қазір экономикалық әріптестікті одан әрі дамыту үшін бірқатар маңызды логистикалық жобалар қолға алынып жатыр. Іскерлік байланыстардың қарқын ала түскені көптеген салаларда бірлескен кәсіпорындардың саны көбейгенінен байқалып отыр. Ендігі мақсат – бес мемлекет болып бірігіп, ортақ түйткілдерді тарқату, әлеуетті барынша пайдалану. Бұл ретте, Қазақстанның үлесі айрықша дейді, жиынға қатысушы тарап өкілдері.