Қоғам

«Ойна да күл!» – ауданымыздың аниматорларымен бірге!

Жаңаарқа аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен балаларға арналған көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын «Ойна да күл!» ойын-сауық бағдарламасы өтті

Шара барысында ауданымыздың аниматорлары балалармен түрлі қызықты ойындар ұйымдастырып, көңілді би билеп, сайыстар өткізіп, мерекелік атмосфера сыйлады. Балалардың шат күлкісі мен көтеріңкі көңіл күйі – шараның басты жетістігі болды.

Осындай игі бастамалар жас ұрпақтың бос уақытын тиімді өткізуіне, достық қарым-қатынасты нығайтуына және жарқын естеліктер сыйлауына мүмкіндік береді.

TuraNews

Back to top button