Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт Нұр-Сұлтанда ашылды. Көк түсті бас күмбездің биіктігі 83,2 метрге жуық, диаметрі 62 метр болады.
Hill International компаниясының менеджері Александр Артеменко мешіттегі күмбез құрылым түрі бойынша әлемдегі ең үлкен күмбез екенін айтты.
Төрт мұнара биіктігі — 130 метр. Әр мұнара бес бөліктен тұрады, олар исламның бес тірегі — иман, намаз, ораза, зекет және қажылықты бейнелейді. Сол қанаттағы бір мұнара келушілерге ашылды. Қонақтар лифтпен көтеріліп, көріністі тамашалай алады.