«ҚазМұнайГаздың» компаниясының басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Түркияның жағалауында кезекте тұрған мұнай танкерлері туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Кешегі ақпарат бойынша Босфор бұғазында 21-ге жуық танкер тұрған. Оның алтауы – «ТеңізШевройлдың» мұнайын тасымалдайтын танкерлер. Тарихи статистиканы қарасақ, жалпы желтоқсан айында Босфор мен Дарданелл бұғаздарынан өту үшін орташа 14 күндей уақыт алады. Кешегі күннің жағдайымен айтсақ, 6 күндік кешігу байқалады», — деді Мағзұм Мырзағалиев.
Оның пайымынша, бұдан Қазақстан экономикасына ондай үлкен қауіп жоқ.
«Дегенмен 5 желтоқсаннан бері Ресейден шыққан мұнайға шектеулер қойылып жатқанын бәріңіз білесіздер. Біздің мұнайға ешқандай шектеулер жоқ. Яғни, ешқандай санкция да жоқ», — дедіМағзұм Мырзағалиев.
5 желтоқсаннан бастап Еуропалық Одақтың танкерлермен жеткізілетін Ресей мұнайына тыйым салатын эмбарго күшіне енді.