Бүгіннен бастап Еуропалық Одақтың танкерлермен жеткізілетін Ресей мұнайына тыйым салатын эмбарго күшіне енеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Дүйсенбіде Ресей Федерациясының танкерлермен жеткізілетін мұнайына Еуропалық Одақ эмбаргосы, сонымен қатар құны 60 доллардан жоғары және нарықтағы бағадан кемінде 5% төмен Ресей мұнайын тасымалдауға және сақтандыруға ЕО, G7 елдерінің және Аустралияның тыйым салу туралы шешімдері қоса күшіне енеді.
Айта кетсек, Еуропалық Одақ маусым айында Ресей Федерациясына қарсы санкциялардың алтыншы пакетін қабылдады. Онда 5 желтоқсаннан бастап Ресей мұнайын және 5 ақпаннан бастап мұнай өнімдерін теңізге жеткізу бойынша кейінге қалдырылған эмбарго қарастырылған.
Ал қыркүйекте G7 қаржы министрлері Ресей мұнайына баға шегін енгізуге ниетті екенін мәлімдеді. Болгария Ресей Федерациясының мұнайы мен мұнай өнімдерін теңіз арқылы 2024 жылдың соңына дейін, Хорватия 2023 жылдың соңына дейін газ майын сатып ала алады.