
Сеулге мемлекеттік сапармен барған Мемлекет басшысын Корея Республикасы Президентінің резиденциясында салтанатты түрде қарсы алды.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ли Чжэ Мёң бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды.
Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Құрметті қонақтар кітабына жазба қалдырды.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хан Сон Сук Alatau Smart City жобаларымен танысты.



