Қоғам
Маңғыстауда мемлекеттік қолдаудың арқасында оңалту орталығы жаңа жабдықтармен толықты

Маңғыстау облысында 2017 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан оңалту орталығы 2024 жылы мемлекеттік грантқа ие болып, материалдық-техникалық базасын күшейтті.
Грант қаражатына заманауи оңалту жабдықтары сатып алынып, ерекше қажеттілігі бар балалардың денсаулығын жақсарту, қимыл-қозғалысын түзету және қоғамға бейімдеу бағытындағы қызметтің сапасы артты.
«Өркениетті келешек» қоғамдық қорының директоры Гүлбаршын Карабалинаның айтуынша, мемлекеттік қолдау тек жаңа құрал-жабдық алуға мүмкіндік беріп қана қоймай, әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға серпін берген. Бүгінде орталық өңірдегі ерекше балалар мен олардың ата-аналарына сапалы оңалту қызметін ұсынып, мемлекеттің әлеуметтік жобаларды қолдауының нақты нәтижесін көрсетіп отыр.



