ӘлемБастыСаясат

Мажарстанда жаңа президент сайланды

Шуйоктың кандидатурасына 134 депутат дауыс берсе, бес депутат қарсы болды.

Мажарстан парламенті Конституциялық сотының төрағасы Тамаш Шуйокты республиканың жаңа президенті етіп сайлады. Бұл туралы Аналоу агенттігі жазды.

Шуйоктың кандидатурасына 134 депутат дауыс берсе, бес депутат қарсы болды.

Шуйок заң кеңесшісі, заңгер және Австрияның құрметті консулы болған. Ол 10 жыл бойы Конституциялық соттың мүшесі, 2016 жылдан бері оның төрағасы қызметін атқарып келеді.

10 ақпанда Мажарстанның бұрынғы президенті Каталин Новак жетімдер үйіндегі жыныстық зорлық-зомбылық ісін жасырды деп айыпталған ер адамның кешірілуіне қатысты жанжалдан кейін отставкаға кететінін мәлімдеді. Оның орнына Шуйок отырды.

TuraNews

Back to top button