
Бұл туралы брифингіде Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова мәлімдеді, деп жазады ТАСС.
– 22-23 сәуір аралығында Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Өзбекстанға ресми сапармен барады, — деді дипломат.
Ол Ресей Сыртқы істер министрінің Ташкентке жасаған сапарында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесулер, сондай-ақ республика Сыртқы істер министрі Бахтиер Саидовпен егжей-тегжейлі келіссөздер өткізу жоспарланғанын айтты.
Бұған дейін Ресейде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 16 бала Өзбекстанға қайтарылғанын жазған едік.