Қоғам

Көміртексіз қала инвесторлардың қызығушылығын оятады — Нобель сыйлығының лауреаты

Нобель сыйлығының лауреаты, жаңа Алатау қаласын «көміртексіз» етуді ұсынды.

Алматы облысы қалдықтарды толық өңдеу циклі бар Қазақстандағы бірінші «көміртекті қала» алаңына айналуы мүмкін. Бұл бастаманы облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевпен кездесуінде, Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунг көтерді.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының климаттың өзгеруі бойынша кеңесшісі қызметін атқаратын ғалым, облыс әкімінің шақыруымен жаңа Алатау қаласын дамыту мәселесін талқылау үшін келген.

Рае Квон Чунг қаладағы көлік көлемін барынша азайтуды, жеке көлікті қоғамдық көлікке ауыстыруды ұсынды, бұл пайдаланылған газдарды азайтады.

«Егер сіз көміртексіз қала салсаңыз, бұл көптеген инвесторларды тартады, және мұндай қалалар қызығушылық танытатын болады», — деп атап өтті профессор.

Сондай-ақ, ол Алатауды әлемге танытатын және танымал ететін, қалада толық циклді қоқыс өңдейтін зауыт құрудың маңыздылығына тоқталды. Облыс әкімі, Қазақстан үкіметі қалдықтарды кәдеге жарату идеясын толық қолдайтынын айтты.

Сонымен қатар, Рае Квон Чунг өзінің Шымкентте жүзеге асырылып жатқан «Green cotton» жобасын таныстырды. Жобаның ерекшелігі — көп мөлшерде ылғал қажет етпейтін мақта өсіру. Органикалық мақта Louis Vuitton және Gucci сияқты ірі шетелдік брендтер арасында сұранысқа ие екендігін айтты.

Кездесу соңында Рае Квон Чунг, Марат Сұлтанғазиевті қыркүйекте өтетін Мәскеудегі БРИКС саммитіне шақырды. Биылғы саммиттің тақырыбы – «Жаңа қалаларды дамыту».

TuraNews

Back to top button