БастыҚоғамМәдениет

«Jezz Acoustic Band” акустикалық кеші өтті

30 маусым күні Ғарышкерлер бақжолында қала тұрғындары мен қонақтары үшін ерекше мәдени шара ұйымдастырылды. Халықтар достығы мен мәдениеті үйінің бастамасымен өткен “Jezz Acoustic Band” тобының акустикалық кеші жиналған қауымға ұмытылмас әсер сыйлады.

Ашық аспан астында өткен концертте жанды дауыстағы әуендер шырқалып, кеш қонақтары жылы әрі ерекше атмосфераға бөленді. Музыка сүйер қауым танымал туындыларды топ мүшелерімен бірге шырқап, жазғы кештің сәнін келтірді. Көрермендердің ыстық ықыласы мен қошеметі өнерпаздарға ерекше шабыт берді.

«Бұл кеш жай ғана концерт емес, қала тұрғындарының басын қосқан өте жылы кездесу болды. Жанды дауыс пен гитара үні жазғы кешке ерекше үйлесімділік сыйлады», — деп бөлісті қала тұрғындарының бірі.

Ұйымдастырушылар шығармашылық кешке қатысып, өнерді бағалаған және айналасына көтеріңкі көңіл күй сыйлаған барша көрерменге шынайы алғысын білдіреді.

TuraNews

Back to top button