Қоғам

Жезқазғанда жас мемлекеттік қызметшілер арасында «АнтиПараКвест» ойыны өтті

Жезқазған қаласында жас мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «АнтиПараКвест» атты танымдық квест-квиз ойыны ұйымдастырылды.

Іс-шараның ашылу салтанатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ерлан Мейрамханұлы Ермаханбетов сөз сөйлеп, мемлекеттік қызметшілер арасында адалдық пен әділдік қағидаттарын нығайтудың маңыздылығына тоқталды. Зияткерлік сайыс барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша білімдерін сынап, түрлі жағдаяттық тапсырмаларды шешіп, логикалық сұрақтарға жауап берді және өз жобаларын қорғады. Шараның негізгі мақсаты – жастар арасында адалдық, әділдік және заң мен тәртіп қағидаттарын насихаттау.

Тартысты әрі қызықты өткен сайыс қорытындысы бойынша:

🥇 І орын – «Дара» командасы;

🥈 ІІ орын – «Әділет» командасы;

🥉 ІІІ орын – «Болашақ бағдары» және «Smart Jez» командалары.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар жас мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымын нығайтуға ықпал етеді.

TuraNews

Back to top button