Қоғам

Жеңіс Қасымбек: Астана барша қазақстандықтарға ортақ

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек елордаға басқа өңірлерден келушілердің санына шектеу қою бастамасы туралы пікірін білдірді, деп жазады TuraNews.kz.

«Қазақстан – унитар мемлекет. Біз мұндай сұрақтарды қоя алмаймыз. Елорда барлық қазақстандыққа ортақ және мұнда бәрінің келуіне құқығы бар. Жалғыз жауап осы болуы мүмкін. Екінші бір мәселе – елорда инфрақұрылымының осындай көші-қонға дайындығы. Шынында да, көші-қон қарқынынан артта қалушылық бар, әсіресе коммуналдық-инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымда байқалады. Сондықтан қазір тиісті шаралар қабылдануда. Жоғарыда айтылғандай, көптеген мектептер, медициналық нысандар, балаларға арналған мектепке дейінгі білім беру нысандарының құрылысы қарқынды жүруде», — деп түсіндірді әкім Орталық коммуникациялар қызметінде.

 

TuraNews

Back to top button