ӘлемБасты

Иран Президенті Анкараға келді

Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Реиси бүгін Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен Түркияға ресми сапармен келді.

Түркияның Президенттік аппарат жанындағы Коммуникация басқармасының хабарламасына қарағанда, ел астанасы Анкарада Түркия-Иран Жоғары деңгейдегі ынтымақтастық кеңесінің сегізінші отырысының өтетіні атап өтілді.

«Кездесуде Түркия-Иран қарым-қатынастарының барлық аспектілері қарастырылып, екіжақты ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету үшін жасалуы мүмкін қадамдар талқыланады», – денілген хабарламада.

Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастардан бөлек, аймақтық және жаһандық өзекті мәселелер, әсіресе Израильдің Газа секторы мен басып алынған Палестина аумақтарына жасаған шабуылдары туралы пікір алмасылады. Сондай-ақ қарым-қатынастардың келісім-шарттық негізін нығайтуға бағытталған бірқатар құжаттарға қол қойылады.

 

TuraNews

Back to top button