БастыСпорт

Хоккейден әлем чемионаты: Қазақстан Швецияға есе жіберді

Хоккейден Қазақстан құрамасы Финляндияда өтіп жатқан әлем чемпионатында қатарынан үшінші матчта жеңіліске ұшырады.

Ғалым Мәмбетәлиев шәкірттері В тобының үздігі саналатын Швециямен кездесіп, жеңіліс тапты. Есеп — 1:3.

Қазақстан сапынан Әділ Бекетаев 46-минутта көзге түсті. Ал қарсыластар құрамынан Маркус Йоханссон (11-минут), Линус Йоханссон (36-минут) және Фабиан Зеттерлунд (42-минут) мергендігімен танылды.

Голкипер Никита Бояркин осы матчта біздің команданың үздік ойыншысы атанды, ол 41 соққыны кері қайтарған.

Қазақстан командасы топтағы келесі ойынды 17 мамыр күні Германияға қарсы өткізеді.

TuraNews

Back to top button