Әлем

Газада соғыс құрбандарының саны 35 мыңнан асты

Газа секторында Израиль тарапынан жасалған шабуыл құрбандарының саны 35 034 адамға жетті

Палестинаның Газа секторындағы Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесінде 2023 жылдың 7 қазанынан бері Газа секторында Израильдің жалғасып жатқан шабуылдары салдарынан қаза тапқан палестиналықтардың саны 35 034-ке жетіп, 78 755 адам жараланды. Бұл туралы Анадолы агенттігі жазады.

Ведомствоның мәліметінше, соңғы тәулікте эксклавтың тағы 63 тұрғыны қаза тауып, 114-і жараланған.

Баяндамада қаза тапқандардың денелері әлі қираған ғимараттардың қирандылары мен жол жиектерінде қалғаны атап өтілді. Жедел жәрдем мен азаматтық қорғаныс топтары Израиль күштерінің кедергілерінен оларға жете алмай отыр.

 

 

TuraNews

Back to top button