Әлем

Газа секторына Кипрден екінші гуманитарлық көмек жолға шықты

Үш кеме флотилиясы сенбі күні түсте Ларнака портынан шығып, сейсенбі күні таңертең Палестина анклавының жағалауына жетуі тиіс.

Кемелер бортында 400 тонна азық-түлік бар, деп жазады Euronews.

Газа секторына гуманитарлық көмектің екінші легі теңіз дәлізі арқылы Кипрден жөнелді.

Open Arms және World Central Kitchen қайырымдылық ұйымдары жинаған үш кеме флотилиясы сенбі күні түстен кейін Ларнака портынан шығып, сейсенбі күні таңертең Палестина анклавының жағалауына жетуі керек.

Кемелер бортында 400 тонна азық-түлік бар.

Күріш, макарон және ұн сияқты маңызды тағамдардан басқа, қасиетті Рамазан айында мұсылмандар ауыз ашатын құрма да бар.

TuraNews

Back to top button