ӘлемСпорт

Футболдан Азия кубогы: Жартылай финалға шыққан құрамалар анықталды

Қатарда өтіп жатқан футболдан Азия кубогы жартылай финалына шыққан барлық құрама белгілі болды.

Жарыстың аталған сатысында Иран, Катар, Иордания, Оңтүстік Корея құрамалары жолдама алды. 2-3 ақпан күндері ширек финал ойындары өткізілді.

Жарыстың аталған сатысында Иран құрамасы Жапонияны 2:1 есебімен тізе бүктірсе, Оңтүстік Корея дәл осындай есеппен овертаймда Австралияны жарыс жолынан шығарды.

Ал Иордания Тәжікстанды 1:0 есебімен жеңсе, Өзбекстан Катар кездесуінің негізгі кезеңі 1:1 есебімен аяқталып, пенальтиден қатарлықтар басым түсті.

Енді жартылай финалда 6 ақпанда Иордания мен Оңтүстік Корея, 7 ақпанда Иран мен Қатар құрамалары жасыл алаңға шығады.

Азия кубогы ойындары 1956 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Қазірге дейін Жапония — 4, Сауд Арабиясы мен Иран — 3, Оңтүстік Корея — 2, Израиль, Кувейт, Австралия, Ирак, Катар — 1 мәртеден чемпион атанды.

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button