Әлем

Франциск Моңғолияға сапар шеккен алғашқы Рим папасы болды

Рим Папасы Франциск Моңғолияның астанасы Ұлан-Батырға барды. Ел басшылығымен кездесу кезінде ол сыбайлас жемқорлықтан аулақ болу және «Жер планетасын қорғауды дереу қолға алу міндеттемесі» туралы айтты, деп хабарлайды Еuronews.

Рим Папасы Франциск Ұлан-Батырдағы алып Сухэ-Батыр алаңында халықпен кездесті. 86 жастағы понтификтің құрметіне салтанатты шара өтіп, құрметті қарауыл сап түзеді.

Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсух мәртебелі мейманды қарсы алу үшін «дээл» дәстүрлі киімімен Шыңғыс ханның қоладан жасалған алып мүсінінің алдынан қызыл кілем төселген ұзын баспалдақпен түсті.

Бұл – рим-католик шіркеуі басшысының Қытай мен Ресей арасында орналасқан буддизмді ұстанушылар басым елге жасаған алғашқы сапары.

Кейінірек үкімет сарайында Рим Папасы Франциск Моңғолияның жоғары лауазымды тұлғаларына, соның ішінде Президент пен Премьер-Министр Лувсаннамсрай Оюн-Эрдэнэге үндеу жолдады.

TuraNews

Back to top button