Әлем

Францияда түсік жасату құқығы конституцияда бекітілді

Франция өз Конституциясында түсік жасату құқығын бекіткен әлемдегі бірінші ел болды. Бұған дейін бұл ұсынысты елдің Сенаты мен Ұлттық жиналысы мақұлдаған болатын.

4 наурызда Франция парламентінің қос палатасы Версаль сарайында бірлескен мәжіліс өткізіп, ақыры негізгі заңға енгізілген түзетуді мақұлдады.

Қабылданған өзгерістерді депутаттар ду қол шапалақпен қолдады.

Франция президенті Эммануэль Макрон бұл шешімді ұлттық мақтаныш және бүкіл әлемге дабыл ретінде бағалады.

Осы оқиғаға байланысты елде 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай арнайы салтанатты іс-шара өткізу жоспарланып отыр.

Франция премьер-министрі Габриэль Аттал өзгерістерді «тарихта қалатын іргелі қадам» деп атады.

Қоғамдық сауалнамалар ел тұрғындарының басым бөлігі конституциялық түзетуді қолдайтынын көрсеткен.

 

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button