ӘлемҚоғам

Фейк ақпарат: Қазақстан ажырасу жиілігі бойынша 2-орында

Қазақстан ажырасу жиілігі бойынша 2-орында делінген ақпарат жалған.

Ажырасу бойынша Қазақстанның әлемде екінші орында тұрғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті.

«Қазақстан ажырасу жиілігі бойынша 4,6 коэффициентпен Мальдивтан кейінгі екінші орында тұр», – делінген ақпарат шындыққа жанаспайды.

 

Айта кетерлігі, жалған ақпараттың басты дереккөзі – worldpopulationreview.com сайтындағы мақала. 2022 жылдың қорытындысында ажырасу коэффициенті 1 000 адамға шаққанда 2,27-ні құрады. 2020 және 2021 жылдармен (тиісінше 2,56 және 2,54) салыстырғанда коэффициенттің төмендеуі байқалады. 2023 жылдың қорытынды деректері сәуір айының соңында жарияланады», – делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Ұлттық статистика бюросы мақала авторына әлемдік ресурста қате деректің таралғаны туралы хат жіберген. Сонымен қатар бюро ресми дереккөздерге сүйенуді, таратылған деректерді қайтадан тексеріп алуды өтінеді.

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button