Бұл туралы Turkmenportal сайты хабарлады.
Түрікмен басшысының жолдауында атап өтілгендей, құрметті атақ Түркия Президентіне 70 жылдық мерейтойымен қатар оның түркімен-түрік қарым-қатынастарын дамытуға қосқан елеулі үлесі және бауырлас екі халықтың ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға бағытталған қызметтері үшін берілді.
«Түрікмен халқына көп ғасырлық тату көршілік дәстүрін ұстана отырып және аға ұрпақ өкілдерін құрметтей отырып, Түрікменстан-Түркия қарым-қатынастарын дамытуға қосқан зор жеке үлесіңізді, халықтарымыздың бірлігі жолындағы қызметтеріңізді жоғары бағалай отырып, 70 жылдық мерейтойыңызға орай Сізге Түрікменстанның «Hormatly il ýaşulusy» («Түркіменстанның құрметті ел ағасы») құрметті атағын беру туралы шешім қабылданды», – делінген Бердімұхамедовтың Ердоғанға жолдаған құттықтау хатында.