Саясат

Ердоған Қазақстанды «бабаларымыздың жері» деп атады

Астанаға сапармен келген Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Қазақстанды "ата-бабаларымыздың елі" деп атады

«Ата topraklarımızda… («Бабалар жерінде»)» деп жазды Түркия басшысы Instagram парақшасында Қазақстан астанасы түсірілген суретке сипаттама бере отыра.

Түркия президенті Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен сәрсенбі, 12 қазанда Астанаға келді. Сол күні Ердоған Тоқаевпен екіжақты кездесуге қатысты, сондай-ақ Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің отырысында болды.

Source
Stan.kz

TuraNews

Back to top button