Қоғам
Елордаданың орталығындағы көше толық жабылады
Астанада LRT құрылысын жүргізуге байланысты орталықтағы көше толық жабылады

LRT құрылысына байланысты қаланың орталығындағы Сығанақ көшесінде жол қозғалысын ұйымдастыру уақытша өзгертіледі, хабарлады CTS баспасөз қызметі.

Астана қаласы полиция департаментінің келісімі бойынша, биыл 24 сәуірден 30 қарашаға дейін Сығанақ көшесінің Ақмешіт көшесінен Түркістан көшесіне дейінгі аралығындағы қозғалыс толық жабылады. Онда «Абу-Даби Плаза» бизнес орталығының ғимаратымен интеграцияланған 112-LRT станциясының құрылысына қатысты жұмыс жүргізіледі. Ақмешіт көшесі мен Түркістан көшесі бойындағы қозғалыс ашық болады, — деп жазылған хабарламада.
Астана қонақтары мен тұрғындары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауға тиіс.