Мәдениет

Елордада алғаш рет «Алтын шаңырақ» республикалық этносаралық айтысы өтті

Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында, 23 сәуірде елорда төрінде «Алтын шаңырақ» атты республикалық этносаралық айтыс ұйымдастырылды. Аталған өнер додасы елімізде тұңғыш рет өткізіліп отыр.

Мәдени іс-шараның басты ерекшелігі – сахнада түрлі этнос өкілдері қазақ тілінде сөз қағыстырып, айтыс өнерінің шеберлігін танытты.

Қатысушылар өз жырларында ел бірлігін, ұлттар достығы мен ортақ құндылықтарды арқау етіп, мемлекеттік тілдің байлығы мен сұлулығын паш етті. Сөз додасы бауырластық пен татулықтың жарқын үлгісіне айналды.

TuraNews

Back to top button