БастыСпорт

Елена Рыбакина Мадрид турнирінің финалынан тыс қалды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Мадрид WTA 1000 турнирінің финалына шыға алмады.

Мадридте өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің жартылай финалы Елена Рыбакина үшін сәтсіз аяқталды.

Қазақстандық теннисші өзінің әккі қарсыласы, белоруссиялық Арина Соболенкомен кездескен болатын.

Тартысты матчтың алғашқы сетінде Рыбакина 6:1 есебімен оңай жеңді. Ал қалған екі сетте Соболенко 7:6, 7:6 есебімен жеңісті жұлып алды.  Осылайша, Елена Рыбакина үшін турнир мәресіне жетті.

Мадридтегі турнирдің финалында Арина Соболенко польшалық Ига Швентекпен кездеседі.

Үшінші, шешуші сетте Соболенко тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 7:6 (7:5).

Source
BasSport.kz

TuraNews

Back to top button