ТуризмЭкономика

Душанбе – Астана – Душанбе бағыты бойынша алғашқы рейсі орындалды

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті рейстер санын одан әрі ұлғайту және Қазақстаннан ұшу географиясын кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруда.

2024 жылғы 2 сәуірде Қазақстан мен Тәжікстан астаналары арасында тікелей тұрақты рейс ашылды.

Рейс ашылуының ресми тұсаукесеріне Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева қатысты.

Астана-Душанбе бағыты бойынша ұшуларды «Somon Air» әуе компаниясы аптасына 2 рет (сейсенбі, жұма) Б-737 үлгісіндегі әуе кемесінде орындайтын болады.

Әуе бағытының іске қосылуы Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.

 

TuraNews

Back to top button