Басты

Димаш Құдайберген Рим Папасының қолынан медаль тақты

Елордада өтіп жатқан Әлемдік және дістүрлі діндер көшбасшыларының съезінде қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген Рим Папасының медалімен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат музыканттың Instagram парақшасына сілтеме жасап.

«Рим Папасына табыстаған медалі үшін көп алғыс айтамыз. Ғұмырыңыз ұзақ болсын», — деп жазды Димаш Құдайберген.

Ол ата-анасы Қанат пен Света Айтбаевтарды да осы жиын кезінде алған сыйлықтарымен құттықтаған.

Айта кетейік, 13 қыркүйек күні «Астана Опера» театрында өткен съезд делегаттары мен қатысушыларына арналған концертте Димаш Құдайберген өнер көрсеткен еді.

TuraNews

Back to top button